
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ , БОЛАШАҚҚА САҚТАЙЫҚ!!!
Осы ұранмен Марқакөл қорығының қызметкерлері «Саябақтар шеруі 2020» халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізді. Ол 25 наурызда басталып, 26 мамыр күніне дейін созылды.
Саябақтар шеруі аясында құстар күні мен Жер күні, «Таза бұлаққа - таза жағалау» акциясы, «Ең жақсы авторлық шығарылым» шығармашылық байқауы және «Табиғатты сақтайық» балалар шығармашылығы байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар - мектеп оқушылары, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, экологиялық ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік органдар, басқа ұйымдардың қызметкерлері, тұрғындар мен қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары.
Акцияны ұйымдастырушылардың алға қойған мақсаттары мен міндеттері: Табиғатты құрметтеу мәселелеріне және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туындайтын мәселелелерге қоғамның назарын аудару. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы рөлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Акция халықтың экологиялық мәдениетін жоғарылатуға, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың және жалпы жұртшылықтың биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін сақтау және дамыту саласындағы күш-жігерін шоғырландыруға арналды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға демеушілерді іздеу және қаражат жинау, ерікті өтеусіз көмекті ұйымдастыру және алға жылжыту; жаппай экологиялық науқан аясында экологиялық білім беруді, тәрбие мен ағартуды ұйымдастыру.
«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ