
Аудан әкімі Д.Қажанов 2020 жылдың 5 маусымы күні Марқакөл ауылында жұмыс сапарымен болып қайтты. Облыс әкімі Д.Ахметовтың тікелей қолдауымен қолға алынып жатқан шекаралық аймақтарды дамыту жұмыстары бүгінгі күнде басты назарда. Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша Марқакөл ауылына таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 5 км жуық су құбырына артезиан жер асты суы қосылатын болады. Аталған жобаны жүзеге асыруға 70 млн.теңге бөлініп, жергілікті азаматтар жұмысқа тартылды. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.