
2020 жылдың 07 маусымынан бастап Боран, Марқакөл және Қалжыр ауылдық округтерінде ағымдағы жылға жоспарланған дезинсексия, дератизация жұмсытары басталды. Жұмыстар маса, шіркей жиі қоныстанатын өзен-көлдердің, орманды алқаптардың, батпақты қамысты, сазды аумақтарда атқарылатын болады. Мердігер ұйым - «Зайсан аудандық дезинфекция станциясы» ЖШС-і. Улы препараттармен өңдеу жұмыстары қол бүрккішпен және әуеден өңдеуіш техникасымен жүргізіліп басталды.