Шақыру хатының үлгісі

Шақыру хатының үлгісі

Шақыру хатының үлгісі

 

 

 

 

"БЖЗҚ" АҚ Сіздерге құрмет білдіреді және сізді БЖЗҚ-дағы дәстүрлі тоқсан сайынғы Ашық есік күніне шақырады.

 

Кезекті кездесу 2023 жылғы 29 қарашада онлайн режимінде сағат 12:00,   16:00 өтеді.

 

Тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".

 

Мақсаттары: "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсатын, оны іске асыру тетігін түсіндіру және қызықтырған сұрақтарға жауап беру.

 

 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасы іске қосылады, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының жартысы  жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінетін болады.  

Қазақстандық балалар кәмелетке толғанға дейін есептелетін Ұлттық қордың қаражатын оқуға, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға пайдалануға мүмкіндік алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жоба операторы ретінде айқындалды. Өйткені, Қордың әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен практикалық тәжірибесі бар, дербестендірілген есепке алу мен қашықтықтан көрсетілетін сервистің бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсету үшін дамыған өңірлік желісі бар. Оның міндеті - нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру. Сондықтан Қор мамандары ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады, оның шеңберінде халық "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қашан және қалай іске асырылатыны, балалардың өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алатыны, жыл сайынғы түсімдердің сомасының қалай есептелетіні және аударылатыны, төлемдердің қалай жүзеге асырылатыны және т. б. қажетті мәліметтерді қайдан алатыны туралы толық ақпаратты ала алады.

 

 

Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар барлық сұрақтар бойынша да білікті кеңес ала алады.          

        

 

Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.

Event- жиналыс:

«Ашық есік күнінің»

Күні мен уақыты:

29 қараша күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

29 қараша күні сағат 16:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/weblink/register/r4420bbbfad9fe9bd7138e7821a6a75b1

https://enpf.webex.com/weblink/register/re9dea2f5ee5862bd368762e5f0835eca

Event- жиналыс нөмірі:

2510 094 1252

2516 629 6129

Event- жиналыс паролі:

9nvM2Q

NygVp

 

 

 

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және Ашық есік күніне қатысуға барлық ниет білдірушілерді күтуде!