Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы қаңтар-қазандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы қаңтар-қазандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2023 жылғы қаңтар-қазандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

 

 

 

Экономиканың нақты секторы. 2023 жылғы  қаңтар – қазанда, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 143,3%-ға көбейді . Оған өңдеу өнеркәсібі  127,7 есеге артуы әсер етті.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 3835,8 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6%-ға артты.

2023 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 21656,1 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,9% -ға көбейді.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 4738 шаршы метрді құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0%.

2023 жылдың 1-қарашаға  аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 216 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 206 (95,3%)- шағын, 8 (3,7%)- орта, 2 (0,9%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 43,1%-ы, жеке меншік – 56,9%-ы тіркелді.          

Бағалар. 2023 жылғы қазан айындағы жалпы инфляция деңгейін көрсететін тұтыну бағаларының индексі 108,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 7,6 %-ға, азық-түлік емес тауарлар 8,6%-ға, қызметтер 9,3%-ға артты.