2023 жылғы қаңтар-шілдедегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

2023 жылғы қаңтар-шілдедегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

2023 жылғы қаңтар-шілдедегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

Экономиканың нақты секторы. 2023 жылғы  қаңтар – шілдеде, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 136,9%-ға көбейді . Оған өңдеу өнеркәсібі  112,4 есеге артуы әсер етті.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 3127,0 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7%-ға артты.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 14763,4 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге көбейді.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 3246 шаршы метрді құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ға көп.

2023 жылдың 1-тамызға  аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 213 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 203 (95,3%)- шағын, 8 (3,7%)- орта, 2 (0,9%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 44,1%-ы, жеке меншік – 55,9%-ы тіркелді.          

Бағалар. 2023 жылғы шілде айындағы жалпы инфляция деңгейін көрсететін тұтыну бағаларының индексі 106,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 6,4 %-ға, азық-түлік емес тауарлар 6,9%-ға, қызметтер 5,8%-ға артты.

Орындаушы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Статистика басқармасының басшысы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Мекенжай:

Күршім а.

Барақ батыр көшесі 25

Басқарма басшысы

 

Б.Ә. Хамитов

«15» тамыз 2023 жыл