Аймақта ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады!
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 13-14 шілдеде облыстың көп бөлігінде және Күршім ауданы 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. 13-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Күршім ауданы ТЖБ халыққа тәуліктің ең ыстық уақытында көшеге шықпауға кеңес береді. Күндіз қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз. Судың жанында демалу-тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйінде шомылмау керек. Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында орман аймағына баруды шектеңіз. Шөпті өртемеңіз, от жағуға болмайды, әсіресе, маңында құрғақ шөп болса. Балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіріңіз.
Көлік терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылын, әйнекті тастамаңыз. Жазғы коттедждерде қоқысты жағуға болмайды, алғашқы өрт сөндіру құралдары-су бөшкесі, құм және өрт сөндіргіш болу қажет. ТЖ кезінде "101" және "112"телефондары бойынша хабарлау қажет.