
2020 жылғы 24 сәуір күні Күршім ауданының ТЖБ-і аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп қашықтық форматта «Балалардық қауіпсіз жазғы демалысы» дөнгелек үстел өткізілді.
Жазғы демалысы кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру және демалу кезінде балардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға 41 мектеп директоры, 3 балабақша меңгерушісі және «Балдәурен» балар жазғы сауықтыру лагері басшысы қатысты.
Күршім ауданының қызметкерлері ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін, суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ оқиғалар орын алған кезде өз-ара іс-әрекеттер тәртібін жеткізді. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар табиғатта демалыс кезінде от жағу және балалардың ашық отпен ойнау көбінде себеп болған табиғи өрттердің алдын алу мәселесі қаралды.