«2020-2022 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 45/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2020-2022 жылдарға арналған  Күршім ауданының бюджеті туралы»  Күршім аудандық мәслихатының  2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 45/3-VI  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 36/410-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6778 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 45/3-VI «2020-2022 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6481 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 8909620,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 653083 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 13072 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 8243465,1 мың теңге;

2) шығындар - 9050268 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 78043,1 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 99412,1 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 21369 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 218691 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 218691 мың теңге:

қарыздар түсімі - 99412,1 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 21369 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«2020-2022 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 45/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы