
Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы
VI - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2020 жылдың сәуір айының 08 күні сағат 10-00-де де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. «Күршім ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 46/2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларынбекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
3. Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00 - де.
Күршім аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Кемешева