Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

COVID-19 короновирус жұқпасына байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас дәрігердің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 2 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 2 сәуірінен бастап Өскемен және Семей қалаларында шектеу белгіленді. Осыған байланысты Өскемен қаласында 7, Семей қаласында 8 бекет қойылып, аталған қалаларға кіру арнайы рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады.
Күршім ауданының тұрғындары үшін қалараалық маршруттар (автобус, такси) 2 сәуірден бастап тоқтатылды.
Шектеу қойылған уақытта облыс орталығынан азық-түлік, дәрі-дәрмектер, ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын көліктерге арнайы рұқсатты аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінен алуға болады.
Полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдай т.б. арнайы техникаларға арнайы рұқсат талоны беріледі.

Күршім ауданында жедел ден қою штабы