
Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының үшінші отырысы өтті. Отырыста "Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы" бойынша 2020 жылғы сайлау науқанына бюджеттік өтінімді жасау мәселелері, сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық бірлестіктердің ҚР-да сайлау өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер туралы сұрақтар қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Күршім ауданы әкімі аппаратының бас бухгалтерінің 2020 жылға арналған сайлау науқанына бюджеттік өтінім туралы ақпараты тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша дауыс беру процесін қамтамасыз ету бойынша сайлау науқанын дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде іс-шараларды қарастыру, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылар туралы мәліметтерді нақтылау бойынша, дауыс беру жоспарланып отырған дауыс беруге арналған үй-жайларды қосымша жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша, сайлаушылардың осы санатын ақпараттандыру және құқықтық ағарту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы бос орындарды анықтау және шығып кеткендердің орнына комиссия мүшелерін сайлау жөніндегі шаралар жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда.
Комиссия мүшелері ақпараттарды назарға алып, осы бағыттарда жүйелі жұмысты жалғастыру ұсынылды.