
2020 жылдың 13 наурызы күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мекемесінің әдіскері Г.Кегенбаева «Ырысты, нұрлы жүк артып, келдің бе Наурыз қуантып!» атты тақырыптық кеш өткізді.
Тақырыптық кешке Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.
Мәдени шара барысында әдіскер наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқы үшін алатын орны, тәрбиелік мән-мағынасы туралы мағлұматпен бөлісті. «Наурыздан қоржын» атты бөлімінде оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындары жайлы сұрақтарға белсене жауап берді. Оқушылар өздерінің отбасыларында наурыз мейрамын қалай қарсы алатындықтарын әңгімеледі. Сынып оқушылары бір-біріне наурыз мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.
«Нау мен ырыс», «Қазақ-салт-дәстүрлері» атты кітаптарға шолу жасалды.