
Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Марқакөл ауылдық кітапханасы ұжымы өз еріктерімен ауылымызда тұратын көпбалалы аналардың (Амренева Нұрбағила-5 баланың анасы, Чабиева Нұрша-10 баланың анасы, Зейнел Дәминә-7баланың анасы,Ұйымхан Күләшхан-7 баланың анасы, Касымова Сауле-4баланың анасы) ұйін аралап, мерекелерімен құттықтап, жағдайларын біліп, аналарымызға кітапхана ұжымы атынан кіші-кірім сйылықтар табыс етті.
Көпбалалы аналар кітапхана ұжымына рахмет айтса, балалары ана туралы өлең шұмақтарын келген кітапханашыларға өқып берді ( «Анашым», «Анаға сәлем», «Сағындым» т.б)