
2020 жылдың 3 наурызы күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Г.Жаменкенова « Менің сүйікті кейіпкерлерім » атты үйірмесінде «Қазақ халқының ұлттық киімдері» тақырыбына танымдық сабақ өткізді.
Танымдық сабағында оқырмандар қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері, киімдердің жасалу жолдары, пішіндері, тігуге қолданылған заттар, өңдеуі, әшекейлеуі туралы айтылды. Оқушылар көптеген сұрақтарға жауаптарын алды. Мысалы: киім- кешектегі көркемдік, әшекейлер түрлері қандай : шашпау, шекелік, тұмар, шолпы тб. Кітапханашы осы тақырып бойынша кітаптарға шолу өткізді.