
2020 жылдың 27 ақпаны күні "Күршім ауданыәкімдігінің орталықтан дырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашы Г. Жаменкенова №4 Күршім орта мектебінде 9 «в», 9 «б» сынып оқушылар арасында «Алғыс айту-асыл қасиет» атты тақырыптық кешін өткізді.
Кітапханашы алғыс айту күні мерекесі туралы оқырмандарға мағлұмат берді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні деп айтсақ артық емес.Бір мемлекет қазақ еліндей сырттан 5- 6 миллион халықты қабылдаған емес. Біз оларды бауырымызға тартып, силап қарсы алдық. Осы мейрамның пайда болуы жергілікті халыққа құрметкөрсету екендігі жөнінде айтылды. Оқушылар К.Қабылқайырова, З. Сағиып, З. Балықова берілген сұрақтарға белсене жауаптарын берді. Сөз кезегін алған ұстаз Б. Абдыкаримова оқушылардың осы мәдени іс- шарадан алған мағлұматтары көп екенін, адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтауларын айтты.Кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. Тақырыптық кеш барысында «Рахмет» атты слайд, «Қазақ еліне мың алғыс», «1 наурыз алғыс айту күн» атты бейнеролик көрсетілді.