«Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?»

«Сіз кімге алғыс айтар  едіңіз?»

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – көне заманнан келе жатқан дәстүр.  Бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Еріктілік  қызметтің басты мақсаты да бірге жұмылып, халыққа қызмет ету, - деді Мемлекет басшысы.

Еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет және  халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет. Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Осындай игі іс – шараны Марқакөл ауылының еріктілер құрамы  өз жұмыстарын дәстүрлі түрде жалғастыруда. Марқакөл ауылдық кітапханасында Еріктілер құрамымен «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?» тақырыбында блиц сауалнама өтті. ЖиынғаКүршім аудандық маслихатының хатшысы Л.О.Кемешова, Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Қизатов қатысты. Лаура Оралбекқызы  өз сөзін: «ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020-жыл «Еріктілер» жылы деп жарияланды. Бұл жастардың биік асуларды бағындыратын жылы, Арман мен Сенім, Еңбек пен Жауапкершілік жылы. Марқакөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.А.Ақсартова  еріктілік жайында кеңінен мәлімет бере келіп, оның мәнін ашты, ел болашағы үшін маңызын саралады. Ұлттық танымымызда сақталған көмек сынды ұғымдар туралы тарата әңгімеледі. Бұл жиында атқарылған істерді пысықтап, алдағы жоспарлармен және еріктілік қызметтегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Алда маңызды міндеттер көп, сол ауқымды істерді абыроймен орындаймыз деп өз сенімдерін  білдірді.«Мен еріктілер қатарындамын» атты слайд презентация көрсетілді. Сондай- ақ Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Қизатов  барлық еріктілерге 1 –Наурыз алғыс айту күнімен құттықтап, мейірімге толы жүрек пен қайтарымсыз жақсылық жасай алатын адал пейілдері үшін шын жүректен жылы лебізін білдіріп, Марқакөл ауылдық округі әкімінің алғыс хатымен марапаттап өтті.

Еріктілер қозғалыстарының ауқымы кеңейе берсін, еріктілер қатары арта берсін демекпіз.