Тақырыптық кеш өтті

Тақырыптық кеш өтті

2020 жылдың 26 ақпанда «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  кітапханашы Г.Жаменкенова Қазақстан халқы  асссамблеясының 25 жыл толуына орай, «Ассамблея қазақ елінің бірлігі» атты тақырыптық кеш өткізді. Кешке №1, № 5 Күршім орта мектептерінің  8-9 сынып оқушылары қатысты.

Кітапханашы  Қазақстан халқының Ассамблеясының   тарихы мен мақсаты, міндеті туралы мағлұматтар берді. Қазақстан халықтары Ассамблеясы бұрын  ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда.

Мәдени іс –шараға  бірнеше  ұлт өкілдері қатысты қазақ, поляк, өзбек,  орыс олар: О.Е.Золотавина,  Л.В.Муқанова, Г.Т. Ажикенова, Л.С.Сайлаубекова.  Келген қонақтардың әр қайсысының отбасыларында басқа да ұлт өкілдері бар екенін поляқ , ұйғұр, бурят, әзербайджан, неміс, еврей тб.  және олармен қарым қатынастары , салт дәстүрлері туралы айтып өтті. Кеште келген қонақтар оқушылармен қарым қатынаста болып, қазақ, орыс, қытай,ағылшын тілдерінде  тілектерімен бөлісті. №5 Күршім орта мектебінің  ұстазы А.М.Қабдрахманова,  кітапхана директоры Г.Ә. Смаилова келген қонақтарды Қазақстан  халқының Ассамблеясы күнімен құттықтап,  Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келе жатқанын айта кетті.

Кеш барысында тақырыпқа сай слайд, бейнероликтер көрсетілді. Кітапханашы   оқырмандарды  «Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл» атты тақырыптық сөремен таныстырды.