
Марқакөл ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен Марқакөл ауылдық кітапханасында ауылдық мәдениет, мұрағат және өнер мекеме, кәсіпорындары қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы -Омаров Р.Е, Күршім аудандық маслихатының хатшысы -Кемешева Л.О, Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары-Қизатов Қ.Қ және Марқакөл ауылдық округінің мекеме басшылары қатысып «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы заңының маңызды бағыттарын түсіндіріп толық мәліметтер берді.
Осы дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы пайдалы ақпараттар алып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Шара аясында бейнероликтер көрсетіліп, кітапхана қызметкері Туркуева Р.«Сыбайлас жемқорлық– қауыпты дерт» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, көрмеге қойылған мәліметтермен таныстырды.