
2020 жылдың 25 ақпаны күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Р. Кенжеханова, Г. Жакупова №1 Күршім орта мектебінің оқушылары, дене тәрбиесі мұғалімдері Ж. Жексембаев, М. Төлеуханов, Ж. Кенжеғалиевтың қатысуымен «Спорт сенің серігің» атты танымдық сабақ өткізді.
Кітапханашылар оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету мақсатында 3-4 сынып оқушылары арасында жарыс түрінде ойындар ұйымдастырды. Сабақ барысында Ө. Жолымбетовтың «Спорт әлемі», Ж. Сейдумановтың «Спорт ғұмыр» атты кітаптарына шолу жасады.