
Күнтізбеде –қазан. Ал әйнектің сыртында қара күз, аяз, бұрқасын және басқа да ауа райы құбылыстары. Күзгі уақытта далада суық ауа райы болғанда, жанымыз жайлылық пен жылуды қалайды. Бұл жағдай абаттандырылған пәтерде тұратындарға қатысы жоқ бола қойса да, жеке тұрғын үй иелеріне қыста үйді жылыту негізгі тапсырмасы болып табылады.
Көз алдымызға бірден келесідей сурет елестетіледі: жайлы жылы үй, ыстық лаулаған пештің алдындағы тамаша жер. Бірақ та пеш алдында алаңсыз жылыну барлығының қолынан келе бермейді.
Далада аяз қатайған уақытта, құтқарушылар «пештен» деп аталатын өрттердің санының күрт ұлғайғанын тіркейді. Өйткені қыс уақытында ешқандай қиындықсыз жылыну үшін, пеш ең алдымен дұрыс салынуы тиіс. Пеш алдындағы еденде ақауы жоқ ауданы 50*70 см кем емес, жанбайтын материалдан бет төселуі қажет.
Пештің жағу есігі жағынан есіктері ашық және бос болуы қажет. ЖиҺаз пештен 70 см ара қашықтықта, ал жағутесіктерінен 125 см кем емес ара қашықтықта орналасуы шарт.
Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсізідгінің ережелерін сақтауға қатысты, келесі жағдайларда пешті пайдалануға болмайды:
- Есіктері жарамайтын және жарықтары бар пештерді жағуға тыйым салынады.
- Пешті тез жанғыш сұйықтықтармен жағуға (бензин, керосин, еріткіш т.б.) тыйым салынады ;
- Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыруға болмайды;
- Пеш жанып жатқанда есіктерін ашық қалдыруға тыйым салынады. Ашық есіктен еденге түсіп кеткен көмір өртке әкеліп соқтыруы мүмкін;
- Пеште және оның қабырғаларында киім немесе басқа да тез жанғыш заттарды кептіруге тыйым салынады;
- Пешті шектен тыс қыздыруға болмайды. Пешті шектен тыс қыздыруды болдырмау үшін күнде оны екі-үш рет жағу ұсынылады.
- Пеш жағуды ұйықтардан екі сағат бұрын тоқтату керек;
Кез келген жылыту құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Пештердің беттері мен түтін мұржаларын жүйелі түрде шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден тазаланып отырылуы керек. Күл мен қожды арнайы белгіленген қауіпсіз орындарға төгіп, үстіне су құю керек.
Кірпіш қалауындағы жарықтарды болдырмау мақсатында үш айда бір рет жиналған күйеден тазалап, мұржаны уақытымен түтін тартуының болуына тексеру қажет.
Пешті жөндеу, электр жабдықтарының дұрыстығын тексеру әбден қиын емес.
Назар аударыңыз! Статистика бойышна, әрбір үшінші өрт жылыту пештерінің және оның мұржасының дұрыс құрылмауынан және дұрыс жұмыс істемеуінен болады.
Күршім ауданы ТЖБ