Ерікті болу – ерлік

Ерікті болу – ерлік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр.

     2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді.

 Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Осындай игі шараны қолдау мақсатында Марқакөл ауылдық кітапхана ұжымы қарт адамдарға барып, қал-жағдайларын сұрап, сонымен қатар Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты ақынның өмірімен шығармашылығымен таныстырып, 4,5 қара сөздерін оқып берді. Еріктілер жылын жариялау елдегі бұл қозғалыстың жаңа серпін аларына, жаңа жүйелердің пайда болуына, ұйымдарды біріктіруге мүмкіндік береді. Осындай игі іс-шаралар болашақта жалғасын таппақ.