«Қазақта қара сөзге дес бермедім»

«Қазақта қара сөзге дес бермедім»

Абай – туған елдің, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білу мақсатында және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты Марқакөл ауылдық кітапханасында Абай атамыздың қара сөздерінен №1 Марқакөл орта мектебінің оқушылары және №2 Марқакөл орта мектебінің оқушылары арасында сайыс болып өтті. Сайысқа мектеп оқушылары қатысып, қара сөздерді жатқа айтып, әр сөздерінің мәні мен мағынасына тереңінен тоқталып өтті. Сондай – ақ айтулы сайысқа Марқакөл ауылдық округінің әкімі Р.Кемешев, ардагер ұстаз М.Садыковна, зейнеткер кітапханашы С.Касымова және қазақ тілі әдебиет пәнінің ұстаздары қатысты. Сайыс барысында оқушылардың Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі қара сөзінің мазмұнын оқушылар тереңінен меңгергені байқалды. Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды Турсаев Ақжан, 2-орынды Ринатова Диляра, 3-орынды Қалиолдаева Жулдыз иеленіп, Марқакөл ауылдық округінің әкімінің мақтау грамотасымен марапатталса, сайысқа қатысқан оқушыларға алғыс хатпен марапатталды. Болашақ жастарға Ұлы Абай атамыздың даналығы мен адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға, әрбір қара сөздерінен тағылым үлгі алуларына ақ тілегімізді