Тақырыптық кеш өткізді

Тақырыптық кеш өткізді

 2020 жылдың  3 ақпаны күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері  Г. Кегенбаева Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Мағауиннің 80 жылдық мерейтойына орай   «Көрнекті жазушы - М. Мағауин 80 жаста» атты тақырыптық кеш өткізді.

Әдіскер жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, «Шақан-шері» романы мен «Аласапыран» роман дилогиясының жазылу тарихы туралы мағлұмат берді. Қазақ руханиятының алып тұлғасы М. Мағауиннің аты-жөні бөлек, дара естіледі өйткені, ол- бiлiктi жазушы ғана емес, бiлгiр ғалым. М. Мағауин -қазақ халқының 15-18 ғасырлардағы ақын жырауларының асыл мұрасын халқына қайта оралтқан ғалым. Жыраулар мұрасы қазақтың рухани-мәдени қордалануына өлшеусіз үлес қосты. Тілге жаңа леп, ойға орамды мазмұн әкелді. Еліміздің көрнекті тарихшысы әрі жазушысы қаламынан тамған еңбектері құнды әдебиеттер қатарынан саналады. 

Мәдени шараға Ю.Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Кеште «Қыпшақ аруы», «Көкбалақ» атты кітаптарына шолу жасалды.