
20.06.2022 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1,№2 пробация қызметінің қызметкерлері Күршім ауданының әкімшілік ғимаратында Күршім ауданы әкімінің орынбасарымен, Күршім аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің және аудандық прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуымен Күршім аудандық №1, №2 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған отырыста ең маңызды мәселе есепте тұрған азаматтардың қайталама қылмысқа жол бермеуі және оларды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Осы отырыста есепте тұрған азаматтарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жөнінде бірқатар сұрақтар өз шешімін тауып келешекте осы бағыт бойынша бірлесіп жұмыстар атқарылатын болады.
Сонымен қатар, ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1, №2 пробация қызметінің есебінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдарының тарапынан 2022 жылға бос жұмыстарынан орындарының квотасымен белгіленген жұмыс орындарының санын арттыру және кәсіпті игеру немесе қайта даярлықтан өту туралы мәселелер талқыланды.
ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 пробация қызметінің бөлімше бастығы Д.О.Толықов