Кез келген үй-жайға кіргенде қосымша және авариялық шығу жолдарына көңіл бөліп, ойша оларға қарай жүріп өтіңіз.
-
- Ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық шығу бағытымен қозғалыңыз. Ештеңе іздемей, жинақтамай оттан тезірек қашыңыз.
- Үй-жайдағы зиянды жану өнімдері Сіздің бойыңыз бен одан да жоғары деңгейде жиналу мүмкін, сондықтан шыға беріске төрт аяқтап немесе еңбектеп өтіңіз, өйткені ауа және оттегі төменде көбірек болады.
- Егер түтіннің әсерінен тамағыңыз жыбырлап, көзіңіз жасаураса тыныс алу жолдарын қандай да бір қабатталған мақта матасымен жауып мата арқылы демалыңыз.
- Өрттің шығуы немесе жану (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) белгілері туралы «101» немес «112» телефондары арқылы (ұялы телефон арқылы теңгерімнің болмауына қарамастан теріледі), өртке қарсы қызметке хабар беріңіздер.