
«Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова №2 Теректі орта мектебінің базасындағы оқу-консультациялық пунктінің жұмысына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Оқу-консультациялық пунктке №1 Марқакөл орта мектебінің теңгеріміндегі ғимараттан 1 сынып кабинеті бөлінген, қажеттілігіне қарай қосымша 1 кабинетті пайдалану мүмкіндігі берілген. Апталық жүктемелері 18-20 сағаттан 8 мұғалім жұмыс істейді. 0,5 бірлікте қамту қызметкері бар. Сабақ кестесі бекітілген. 2021-2022 оқу жылында тіркелген оқушылар саны – 64. 2020-2021 оқу жылында орта білім туралы аттестат алған оқушылар жоқ, негізгі орта білім туралы куәлік алғандар саны – 11. Жалпы 9-10 сынып оқушыларының саны – 64 болды.
2021-2022 оқу жылында 9 сыныпта - 22, 10 сыныпта 11 оқушы тіркелген, 11 сыныпта оқитындар саны - 33,
8, 10 оқушылары сыныптан сыныпқа бақылау жұмыстары, 9, 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан арқылы көшіріледі. Пәндер бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлері бар. Мүмкіндіктеріне қарай оқушылар консультация алуға келіп тұрады.
Оқу-консультациялық пункт орналасқан ғимарат ескі, жөндеуді қажет етеді.
Қоғамдық бақылау барысында құжаттарды реттеу, ғимаратты санитарлық талаптарға сай жөндеу бойынша ұсыныстар берілді.