Көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізу

Көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізу

«Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумовамен Марқакөл ауылы көшелерінің жарықтандырылуы мен абаттандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізілді.

Марқакөл ауылында 35 көшенің бүгінгі күні 23-і жарықтандырылған. 2021 жылы 14 көше жарықтандырылуына байланысты бүгінгі күні жарық үшін төлем жасауға қажетті 4 млн. теңгеге өтінім жолданған.

Марқакөл ауылының көшелері сенбілік жұмыстар арқылы тазаланып, ретке келтірілуде. Мерекелік шаралар өткізілетін «Жеңіс» паркін жөндеу бойынша қаражат мәселесі шешіліп, құжаттары рәсімделуде. 2021 жылы басталған орталық стадиондағы жөндеу жұмыстары жауапты мердігермен жалғастырылуда.