Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау

Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау
  • «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат депутаты А.Абилмажинов «Күршім балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ есепшісі С.Утегалиеваның жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.
  • Мектепте штат бойынша берілген 56,5 бірлікте 67 қызметкер, 904 спорт үйірмелеріне қатысушы балалар бар. Есепші «К-2» бағдарламасымен жұмыс істейді. Балалардың спорттың 10 түрінен ақысыз үйірмелерге қатысып, әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасалған.
  • 2021 жылы мектептің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге республикалық және жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінген. Ағымдық жөндеу жұмыстарына 400 мың теңге, спорт құралдары, спорттық киімдер сатып алуға мемлекеттік сатып алу заңы аясында 14 млн теңге жұмсалған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа автокөлікке сұраныс жолданған. Еңбекақы бойынша қарыз жоқ. 25 пайыздық өтемақысы төленбеуіне орай есепші маман сұраныс білдірді.
  • Жаңа автокөлік алу бойынша жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етуге ұсыныс берілді.