"Тазалық-денсаулық кепілі" демекші ауданымыздың әр тұрғыны өз ауласын, маңайын, демалатын орындарын тазалықта ұстаса құба-құп

"Тазалық-денсаулық кепілі" демекші ауданымыздың әр тұрғыны өз ауласын, маңайын, демалатын орындарын тазалықта ұстаса құба-құп

Жылдағы дәстүр бойынша 16 сәуір күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық ішкі саясат бөлімі, ауылдық округ, Күршім 3 гимназиясы, Күршім 1 орта мектебі, "Күршім" коммуналдық шаруашылығы мекемесінің жастары, қызметкерлері "Қоршаған орта тазалығы" акциясы аясында Күршім ауылының "ипподром" аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Құрметті жерлестер, жасөспірім ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп өздеріңіз тұратын, демалатын жерлеріңізді тазалықта ұстауларыңызды сұраймыз. Тазалық акциясына қатысқандарға алғысымызды білдіреміз.