Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау (Қалғұты ауылдық округінің әкімдігі)

Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау (Қалғұты ауылдық округінің әкімдігі)

«Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова Қалғұты ауылдық округі әкімдігінің бас маман есепшісі Н.Жангазинаның жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.

Мекемеде штат бойынша қызметкерлер саны – 11, бүгінгі күні жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 9, 1 маман бала күтіміне байланысты еңбек демалысында, жетекші маманға 1 вакансия.

Бухгалтерия 1-С, «Парус» бағдарламаларымен жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімдігінің 2021 жылғы бюджеті 32,2 млн теңгені құрады. Жарықтандыру, ағымдық жөндеу жұмыстарына – 1млн 538 мың, тазалық жұмыстарына – 627 мың, абаттандыру жұмыстарына – 7 млн 747 мың (300 мың теңге-салық түсімінен, 7 млн 647 мың теңге-аудандық бюджеттен) теңге жұмсалған.

Әкімдікте мараторийға байланысты сатып алу мүмкіндігі болмағандықтан 2011 жылғы автокөлікті пайдалануда. Жиһаздар сатып алынған, бүгінгі күнге компьютермен толық қамтылған. Әкімдік Қаратоғай орта мектебінің теңгерімінде тұратын ғимаратта орналасқандықтан жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі күнге еңбекақы бойынша қарыз жоқ.

2022 жылы Қаратоғай, Ақши ауылдарында мал қамауға арналған айыппұл тұрақтарын, мал егуге арналған өткелек (раскол) салуға қажетті қаражат бөлінген. Бүгінгі күні ауылдық округ әкімдігімен жер телімдерін алу бойынша жұмыстар атқарылып, жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға келісім-шарт жасалуда.

«Ұлттық жоба» аясында Қаратоғай ауылында балаларға арналған ойын, спорт алаңы, воркаут салу бойынша  жұмыстар атқарылуда. Ұзындығы 6 км 900 метрді құрайтын ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге керекті қаражатқа бюджеттік өтінім жолданған.

Штатқа сәйкес қажетті мамандармен толықтыру, жоспарланған жұмыстардың уақытында атқарылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.