
«Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова №4Күршім орта мектебі, №3 Күршім гимназиясы ұжымдарымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 02.02.2022 жылғы №802 Жарлығымен бекітілген Тұжырымдамасы түсіндірілді. Онда еліміздегі қалыптасқан жағдайларға орай туындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің құру жағдайы, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі басқа елдердің тәжірибесі т.б. мәселелер жайлы айтылды.
Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ағарту шараларын ұйымдастыруда мектеп ұжымдарының жауапты қызметі мен белсенділіктерінің маңыздылығы аталды. Жалпы тұлға қалыптастыру жүзеге асырылатын білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға барлық мүмкіндіктерді пайдалану жайлы түсіндіріліп, жоспарға сәйкес жүйелі құқықтық оқытулар мен семинарлар өткізуге ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.