
Ағымдағы жылдың 14 наурызы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқов, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Акрамов, бөлімнің бас маманы Ж. Жамелхан, Т.Искаковалардың қатысуымен кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй және жер учаскелерін беру жұмыстарына мониторинг жүргізілді.
Аудан бойынша бүгінгі күнге тұрғын үй алуға мұқтаж ретінде кезекте тұрған 423 отбасы бар. Оның ішінде жетім балалар - 67, мүмкіншілігі шектеулі жандар - 47, көпбалалы отбасылары -73, әскерилер-10, мемлекеттік қызметкер -34, апатты жағдайдағы үй тұрғындары -2, толық емес отбасы - 87, зейнеткер -15, бюджеттік сала қызметкерлері - 84, зілзала салдарынан үйінен айырылғандар - 2, арнайы мемлекеттік мекеме қызметкерлері -1, созылмалы ауруға шалдыққандар-1.
Аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімен көп балалы отбасыларына салынған үйлерден Күршім ауылы бойынша 16, Марқакөл ауылында 6, Ақсуат ауылында 4 отбасыға үй берілді.
Сонымен қатар Күршім ауылында 2 жетім бала, 2 апатты жағдайдағы отбасы арендалық үймен қамтылды.
Аудан бойынша 2020-2021 жылдары жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін ҚР Жер Кодексінің 44 бабы 5-тармағына сәйкес 0,18 га жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған Күршім ауылынан табысталған. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.
Ауданда 9 елді мекенде, оның ішінде Күршім ауылында 2008 жылы жасалынған тұрғындарының саны 20 000 адамға дейінгі елді мекеннің жоспарымен біріктірілген бас жоспар, Марқакөл, Боран, Қалжыр, Сарыөлең, Ұрынхай, Жолнұсқау, Алғабас, Маралды елді мекендерінде тұрғындарының саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы бар.