2022 жылдың 14 - 23 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы аймағында «Пробация» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2022 жылдың 14 - 23 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы аймағында «Пробация» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазақстан Республикасының сотталғандардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, қашулардың жолын кесу және төтенше жағдайларды болдырмау, сондай-ақ жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті күшейту мақсатында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында 2022 жылдың 14 - 23 наурыз күндері аралығында Республика бойынша «Пробация» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы мақсатта Күршім АПБ және Күршім ПҚБ тарапынан РПІШ өткізу кезінде отбасы-тұрмыстық және рецидивтік құқық бұзушылықтар жасауға, спирттік ішімдіктерді және есірткі құралдарды теріс пайдалануға бейім адамдарға ерекше назар аудара отырып, ПБ-нің профилактикалық, пробациялық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеру, қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан құқықбұзушылық және өзе де құқыққа кайшы келетін іс әрекеттердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс шара кезінде анықталған құқықбұзушылық бойынша қосымша хабарланады.

Күршім аудандық №1 пробация қызметі бөлімше бастығы
әділет капитаны Д.О.Толықов