Аудандық әйелдер кеңесінің жиыны өткізілді

Аудандық әйелдер кеңесінің жиыны өткізілді

Ағымдағы жылдың 3 наурызы күні аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Камзинаның ұйымдастыруымен ZOOM форматында кезекті отырысы өткізілді. Шараға «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық полиция бөлімінің капитаны Н.Сабырбекова, кеңес мүшесі аудандық кітапхана директоры Г.Смаилова, ауылдық округтердегі әйелдер кеңесінің төрайымдары мен мүшелері қатысты.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерексіне орай айтылған құттықтаулардан кейін күн тәртібіне сәйкес 2021 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2022 жылдың жоспары бекітілді.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы Н.Сабырбекованың, Күршім өңірі бойынша ауылдық округтердегі кеңес төрайымдары мен мүшелерінің өткен жылғы жұмыстары жөніндегі ақпараттары тыңдалды. Кеңес мүщшелеріне атқарылған жұмыстарды арнайы сайттарда, әлеуметтік желілерде, басылымдарда жариялауда белсенділік таныту ұсынылды.