
Ағымдағы жылдың 15-21 ақпан күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың №1 Күршім орта мектебінің базасында өткізілген аудандық кезеңіне «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі қатысты. Пәндер бойынша қатысқан оқушылар саны – 180, жүлделі орындарға ие болғандар – 92.
Шара ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының педагог-психологы Г.Мырзабаеваның және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Өтеулиновтың қатысуымен өтті. Аудандық білім бөлімімен пәндер бойынша бекітілген комиссиялар құрамының толық қатысуы қамтамасыз етілді. Жабдықталған №7,№8 сынып кабинеттеріне бейнебақылау камералары орнатылып, үздіксіз қосылып тұрды. Оқушылардың жұмыстарын сканерлеу, тексерілуі бақыланды.
Кемшіліктер анықталған жоқ.