Жергілікті қоғамдастық өкілдермен пікір алмасу

Жергілікті қоғамдастық өкілдермен пікір алмасу

Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні аудандық мәдениет үйінде «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі мен жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен жастар мәселесі бойынша пікір алмасу өткізілді.
Шараға аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Мұқанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, кәсіпкерлік палатасының директоры Н.Потанина, «Сарытау» НС басшысы Р.Ақылбекұлы, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары, «Рауан-Заря» газетінің тілшісі К.Бұрқанбаева және жастар қатысты.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, оның себептері, шешу жолдары жайлы кіріспе сөзден кейін аудандағы жастардың жұмыспен қамтылу жағдайы жайлы ақпарат тыңдалды.
Қайтарымсыз несие алып, өзінің кәсібін бастаған М.Қабылов ауданда бұрын болмаған пластик терезе жасау цехын ашу, оған қосымша «Үшбұлақ» кафесінің жұмысын жолға қойған жағдайы жайлы баяндады. Жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша алған қаражатты мақсатты жұмсаған жағдайда нәтижелерге жетуге болатынын айтқан жас кәсіпкер сонымен қоса болашақ жоспарымен бөлісті.
Мақымет Дәулетқан өткен жылы заманауй 3D әріптер жасайтын, болашақта баннер мен стендтер дайындалатын цехының жұмысын қалай бастағаны жайлы және болашақтағы бағдары туралы айтып, қатысушы жастарды еңбектенген адамның мұратына жететініне сендірді.
Жастар практикасы бағдарламасы аясында еңбек жолын бастаған, бүгінгі күні жер қатынастары бөлімінің заңгер маманы болып еңбек етіп жатқан Н.Жұртпаева да өз ойымен бөлісті.
Шара соңында жастар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріліп, отырыс қонақтары Жаңа Қазақстанды құруда жастарға артылған сенім мен жауапкершілік жайлы өз пікірлерін ортаға салды.