«Омбы – Майқапшағай – Қалжыр - Марқакөл» жолының күтіп ұстау жағдайына мониторинг (0-124 шақырым)

«Омбы – Майқапшағай – Қалжыр - Марқакөл» жолының күтіп ұстау жағдайына мониторинг (0-124 шақырым)

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Омбы – Майқапшағай – Қалжыр - Марқакөл» жолының (0-124 шақырым)  күтіп ұстау жағдайына №33 Зайсан аудандық жол пайдалану учаскесінің басшысы С.Оқасов,  «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ - ның жол сапасын бақылау және қабылдау бөлімінің бас маманы Е.Е.Утемжаровтармен Қалжыр ауылдық округінің әкімі Қ.Қизатов, Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы М.Мешелов, «Теректі ком.шаруашылығы» КММ-нің инженері Б.Иқамбаевтардың қатысуымен  мониторинг жүргізілді.

Мердігермен 2021 жылдың шілде айының жоспарына сәйкес 1500 м2 асфальт-бетон жамылғысын төсеу, 123, 126 шақырымдағы көпір жақтауларын айырбастау, күз айларында жол жиегіндегі шөптерді шабу, жол белгілерін қою жұмыстары орындалған.

Қалжыр ауылындағы жол пайдалану бекетінің жауапты маманы (жол шебері) С.Идиатханов 56 км жол телімінің қысқы, жазғы ұсталымына бақылау жасап, қажетіне қарай жол тазалауды атқаруда. Т-150 тракторы, УРАЛ автокөлігінің қызметі ұйымдастырылған. Қар күреу бойынша шағымдар болған жоқ.

Шекаралық аймақтағы тұрғындарды сапалы жолмен қамту мақсатында берілген ұсыныстар:

-  Қалжыр – Марқакөл арасындағы 56 км жол теліміне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 - «Manka» руднигінен руда тасымалын жасап жатқан ауыр салмақты жүк машиналарының жолдарды бүлдіруіне жол бермеу мақсатында салмаққа шектеу қою (әр оське түсетін салмақ көлемін 8 тоннадан асырмау);

 - Биылғы жылдан кешіктірмей Марқакөл ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылы жанындағы 3 км-дей ойналмалы жер учаскесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 - Марқакөл - Қалжыр бағытындағы жолаушылар аялдайтын «Табыты» тұмасының бұрылысындағы қойылған тұрбалардың шайылып кеткен тұстарына тас, қиыршық құм тас төгіп көтеру (засыпка жасау).

  • Мердігер мекеме мамандары ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында 0-124 км белгісінен Қалжырға қарай орта жөндеу жұмыстарының басталатынын, қаражаттың 56 км жолға жетпейтінін айтуда.