«Болашақ» бала бақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары аясында кездесу өткізілді

«Болашақ» бала бақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары аясында кездесу өткізілді

Ағымдығы жылдың 8 ақпаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, жастар ресурстық орталығы директорының м.а. М.Алимбеков Күршім ауылындағы «Болашақ» бала бақшасында тақырыптық кездесу өткізді.

Кездесу барысында  2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, осы бағдарламаға 2021 жылғы енгізілген өзгерістер, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеновтың баяндамасы түсіндіріліп,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда әр мемлекеттік мекемеде атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, ата-аналармен ұйымдастырылатын шаралар жөнінде айтылды.

   ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған 2021 жылғы қыркүйек айындағы Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тапсырмаларын негізге ала отырып, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындау, арнайы стенд шығару бойынша нұсқаулықтар берілді.

Жаңа Қазақстанды құрудағы жастармен жұмыстың маңыздылығына тоқталған Шыңғыс Қайсарұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жауаптылықтың, жұмыс бағытын жаңаша құрудың нәтижеге әкелетіні жөнінде ойымен бөлісіп, белсенділік танытуға шақырды.