«Құқықбұзушылықтың алдын-алу мен елді-мекен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында тікелей эфир өткізілді

«Құқықбұзушылықтың алдын-алу мен елді-мекен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында тікелей эфир өткізілді

Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні Күршім аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қабдуалиев Еркінбек Советбекұлымен тікелей эфир өткізілді.

Аудандағы 2021 жылғы және 2022 жылдың 1 айындағы қоғамдық тәртіп орнату, қылмысты ашу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға талдау жасалды. Мерекелерде, демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыстардың, жедел алдын алу шараларының ұйымдастырылуы өз нәтижесін беруде. Бүгінгі күнге ауданда қоғамдық орында жасалптын қылмыстар, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар, мас күйінде жасалатын қылмыстар саны азайған.