
Әр тұрғынның көкейкесті сұрағының оң шешімін табуы үшін жан-жақты талдау жасап, шешу жолдарын қарастыру бүгінгі күн талабы. Осыған орай Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов ағымдағы жылдың 3ақпаны күні бекітілген кестеге сәйкес жеке сұрақтары бойынша аудан тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың жұмысқа орналасу, жеке меншік жер учаскелерінің жағдайы, әлеуметтік көмек, таза ауызсумен қамту, жер учаскелерін табыстау сұрақтары мен жеке және заңды тұлғалардың атына айтылған экологиялық мәселелер жөніндегі шағымдары және жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныстары тыңдалып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Сұрақтардың орындалуы бақылауға қойылды.