Күршім ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Күршім ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Күршім ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Күршім ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Күршім ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Күршім ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

 1) сотталғандығы болмауы;

 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

 3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

      2.Конкурсқа қатысу үшін:

 1)  кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі) және (немесе) азаматтың өтініші;

 2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

 3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

 4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.

Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2021 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 18 қаңтарға дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі 23,  мекенжайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін, maslihat_kurchum@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі.