
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқов, аудандық мәслихат депутаты Н.Потанина, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қасымбаева, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Камзина, аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Акрамов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Қарағызов, аудандық әкімдіктің жалпы бөлімінің басшысы Д.Әділбеков, «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ бас инженері Е.Топатаевтың қатысуымен өзекті мәселелердің шешімі бойынша дөңелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Бөлім, мекеме басшыларының өздері басқарып отырған салалары бойынша шешімін табу жағдайы ерекше бақылауға қойылған сұрақтар қарастырылып, орындалу мерзімдері белгіленіп, бақылауға қойылды.