Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар

Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар

Күршім ауданында 1 желтоқөскан –Тұңғыш  Президент  күніне  арналған  мерекелік  шаралар өткізілді. 30 қараша күні аудандық Мәдениет үйінің үлкен залында  барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып салтанатты жиын өткізілді.  Салтанатты жиын барысында  ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуына  әр саладан елеулі үлес қосқан   бірқатар азаматтар аудан әкімінің Грамоталарымен  марапатталды.

1 желтоқсан  күні әр ауылдық  округтердің орталық елді мекендерінде , сонымен қатар Күршім  ауылының орталығында мерекелік  концерттер мен спорттық  жарыстар  ұйымдастырылып өткізілді.  Ардагерлер арасында  бильярд пен шахматтан  жарыстар өтті.