
Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов Абай ауылдық округінің әкімдігінде болып, ауылдық округ әкімі Т.Бахтияровтың ғимараттың І қабатына «ашық үлгідегі кеңсе» форматындағы кеңсеге көшуі бойынша мониторинг жүргізді.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауылдық округ тұрғындарының, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күнделікті жеке сұрақтарымен қабылдауын ұйымдастыруда қолайлы орта қалыптастыру мақсатында І қабатта ашық үлгідегі кеңсе ашу бойынша сметалық құжаттары дайындалып, қаражат бөлуге сұраныс жасалған. Кеңсе ашу орны келісілді.
Жұмыстың орындалуы бақылауда болады.