Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық бақылау

Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық бақылау
  • Ағымдағы жылдың 8 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова Күршім ауылдық округі әкімдігінің өзіне өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.
  • 9000-нан артық тұрғыны бар ауылдық округі әкімдігінің өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында стенд ілінген, қажетті техникамен (интернетке қосылған компьютер, принтер), жиһазбен қамтылған. Қажеттілігіне қарай қызмет алушыларға ауылдық округ әкімдігінің бас маманы, іс басқарушы Ж.Раисова жекелей көмек көрсетеді.
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру, жер учаскелкрін алу үшін кезекке тұру, алдын ала міндетті тексеруден өту, көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама алу, медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу, дәрігердің қабылдауына жазылу т.б. қызметтер түрлері бойынша өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы айына көрсетілетін қызметтер саны - 120-130-ды құрайды. Қызмет түрлерін алып жатқан ауыл тұрғындары тарапына түскен шағымдар тіркелмеген.