Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру

Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру
  • Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов Абай ауылдық округінің орталығы Бурабай ауылындағы дәрігерлік амбулатория жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізіп, ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастырды.
  • Дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 3 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар. Күндізгі емдеу бөлмесінде 3 төсек бойынша емшара алуға жағдай жасалған. Амбулатория ғимараты злектр қазандығымен жылытылады, сумен қамтылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, ауыл тұрғындарының шағымы тіркелмеген.
  • Кароновирус індетінің алдын алу бойынша 695 тұрғынға вакцина салынған. Диспансерлік есепте тұрған науқастар саны – 295, есепте тұрған балалар – 34. Тегін дәрі-дәрмектер уақытында таратылып берілуде.
  • Кездесу барысында емшара алуға келген науқастан және сатушы болып жұмыс істейтін ауыл тұрғындарынан сұхбат алынып, бейнежазба түсірілді.
  • Штатқа сәйкес лаборант маманмен қамту бойынша ұсыныс берілді.