Аудан ішіндегі жол қатынасын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына бақылау

Аудан ішіндегі жол қатынасын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына бақылау

Ағымдағы жылдың 4 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов Балықшы ауылдық округіне қарасты Ақсуат - Жолнұсқау бағытындағы 18 км жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарына бақылау жүргізді.
«Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында жоспарланған жөндеу жұмыстары мердігер «KazAlem» құрылыс компаниясымен атқарылуда. Каток, грейдер, бульдозер, 5 Камаз жұмысқа тартылған. Бүгінгі күнге 3,5 км жол жөнделген, желтоқсан айының аяғына дейін толық аяқтау межеленген.
Ақсуат, Жолнұсқау ауылдары тұрғындарының еш қиындықсыз қозғалысы қамтамасыз етілетін күн алыс емес.