Көпбалалы отбасыларына үйдің кілті табысталды

Көпбалалы отбасыларына үйдің кілті табысталды

Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының 2020 - 2024 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, бекітілген. Жоспар аясында шекаралық аймақтарды дамыту бойынша көптеген жобалар енгізілген болатын. Соның бірі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Д.Ахметовтың  бастамасымен, Күршім ауданының әкімі Д.Қажановтың  тікелей ықпал етуімен, қолға алынған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданымызда көптеген игі істер атқарылуда.

 Бағдарлама аясында 2160 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер Күршім, Марқакөл, Ақсуат ауылдарында салынған. Және де алғашқы болып Ақсуат ауылындағы  2 пәтерлі 2 үйдің кілттері   көпбалалы төрт отбасына берілді.

Аудан әкімінің уақытша міндетін  атқарушы Е.Шораяқов,   Күршім ауданының «Құрметті азаматы», ақын, сазгер Н.Қайыров Ақсуат ауылының тұрғындарын атаулы шарамен құттықтады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, ауданның, ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің Грамоталары табысталды.

 Шараның құрметті қонағы, әйгілі «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтың қатысуымен ауыл тұрғындарына концерт ұйымдастырылды.