Пробация қызметі жандануда

Пробация қызметі жандануда

Сотталғандарды қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуін ұйымдастырудың маңызы зор. Оларды қоғамнан оқшауламай – ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 40 – бабында көрсетілгендей, сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың оң түрі бар, соның ішінде – қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары түріндегі жаза, бас бостандығынан шектеу жазасы, шартты түрде соттау, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру және белгілі бір қызмет немесе арнайы лауазымынан айыру жазалары.
Сонымен қатар, қазіргі таңда баса назар аударылып отырған жайт, ол – сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі. Оларға қазіргі уақытта мекемелерге ақылы қызметтер мен қатар, ақысыз курстарда оқытудың бағдарламалары ұсынылып отыр. Жазасын бостандықта өтеп жүргендер үшін, яғни пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар үшін арнайы аудандық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері өз ақыл – кеңестерін, мамандық туралы пікірлерін білдіріп, оларды ақылы жұмысқа тұруға, ақысыз әрі жедел оқыту курстарына құжаттарын әзірлеп беруге көмектесу жұмыстары 2021 жылдың жоспарына сәйкес атқарылып, жұмысқа орналастыру, ықпал ету жұмыстары белсенді жүзеге асырылуда.
2021 жылдың 10 айында Күршім аудандық №1, 2 есебінде пробациялық есепте тұрғандардың 81 сотталғандарға әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетілді (2 сотталған тегін оқу курсын тәмамдады, 2 сотталған 2021 жылғы аудан әкімдігі белгіленген квотаға сай жұмысқа орналастырылды.
Ал пробация қызметінің маңызы мерзімдерін бостандықта өтеп жүргендер үшін қажетті жағдайды тудырып, оларды қайтадан қоғамға қайтару, оларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету болып табылады. Осы бағытта пробация қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға күш салуда, өйткені олардың жұмысы жазасын өтеуші сотталғандардың болашағын қалыптастыруғы қатысты. Әрине, мұндай міндеттің жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Бұл ретте пробация қызметкерлері қылмыскердің, жазасын өтеп, оның өз болашағына деген оң көзқарасын қалыптастыруда белсенді де адал қызмет атқара бермек.

ШҚО ҚАЖД Күршім аудандық № 1 пробация қызметінің
бөлімше бастығы әділет капитаны Д.О. Толықов